AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
AAPL
141.66 $
2.45 %
TSLA
737.12 $
4.52 %
NDAQ
159.28 $
0.64 %
GOOGL
2359.5 $
5.11 %
FRHC
41.06 $
2.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан бойынша Төтенше жағдай режимі енгізілді

Қазақстан бойынша төтенше жағдай режимі енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ел Президентінің жарлығына сәйкес, мына өңірлерде төтенше жағдай режимі жарияланды: 

Алматы облысы, Алматы, Маңғыстау, Нұр-Сұлтан, Атырау, Шымкент, Жамбыл, Қызылорда, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облысы, Батыс Қазақстан облысы, Қарағанды, Түркістан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Төтенше жағдай 2022 жылдың 5 қаңтары мен 19 қаңтары арасында енгізілді. 

Өңірлерде төтенше жағдай кезеңінде 23:00-ден 7:00-ге дейін комендаттық сағат жарияланды. 

Төтенше жағдайдың күшінде болуы кезеңінде мынадай шаралар мен уақытша шектеулер белгіленсін:

1) қоғамдық тәртіптің сақталуы, аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілердің, сондай-ақ халықтың тыныс-тіршілігін және көлік қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін объектілердің күзетілуі күшейтілсін;

2)Өңірлерде жүріп-тұру, оның ішінде көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер белгіленсін;

3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, оларды жеке тексеру, олардың заттарын, көлік құралдарын тексеру қамтамасыз етілсін;

4) Өңірлерге кіру, сондай-ақ одан шығу шектелсін;

5) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынсын;

6) ереуілдерге және заңды тұлғалардың қызметін тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де әдістеріне тыйым салынсын;

7) қару, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, арнаулы құралдар, улы заттар сатуға тыйым салынсын, дәрі-дәрмектің, есірткі заттардың, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, сондай-ақ этил спиртінің, алкоголь өнімдерінің айналымына ерекше режим белгіленсін;

8) жеке тұлғалардан қару мен оқ-дәріні, улы заттарды уақытша алып қою, ал заңды тұлғалардан қаруға, оқ-дәріге және улы заттарға қоса әскери және жауынгерлік оқу техникасын, жарылғыш және радиоактивті заттарды уақытша алып қою қамтамасыз етілсін.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр