AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтар оқиғаларынан кейін азаптау фактісі бойынша 9 құқық қорғау қызметкері ұсталды

Қаңтар оқиғаларынан кейін азаптау фактісі бойынша 9 құқық қорғау қызметкері қамауға алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев мәлімдеді.

полиция

"Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде және одан кейін ұсталған адамдардың құқықтарының сақталуын бас прокуратура ерекше бақылауға алған. Бүгінгі таңға дейін азаптау және қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану бойынша 203 қылмыстық іс қозғалса, олардың ішіндегі ең атышулыларын арнайы прокурорлар тергеп жатыр. Сотқа дейінгі іс жүргізу барысында ұсталғандарға қатысты заңсыз тергеу әдістерін қолданған деген күдікпен тоғыз қызметкер анықталып, ұсталды", – деді Шалабаев.

Тергеу-жедел топ өкілдері лаңкестік актілері, кісі өлтіру, қару ұрлау және жаппай тәртіпсіздіктер бойынша 3502 қылмыстық істі тергеп жатыр. Тергеу изоляторларында 737 адам отыр, оның ішінде 307 адамға бұлтартпау шарасы өзгертілді, оның ішінде 27 кәмелетке толмағандар. Екі жасөспірім әлі де болса қамауда отыр.



"Қаңтар оқиғаларына қатысты істер бойынша оқиға орнына 1,5 мыңға жуық тексеру жүргізілді, 1500-ден астам сот-медициналық сараптама тағайындалды және жүргізілуде. Прокуратура органдарына тергеудің заңсыз әдістері мен азаптауды қолдану бойынша 283 арыз келіп түскен. Кінәлі деп танылған тәртіп сақшылары заң шеңберінде қатаң жауапкершілікке тартылып, сотталады", –  деді Серік Шалабаев.

Бұған дейін қаңтар айының басында болған жаппай тәртіпсіздікке байланысты ұсталған алты адам "жауап алудың заңсыз әдістерін қолданудан" уақытша ұстау изоляторында қайтыс болғаны хабарланған.

Мұндай көрсеткіш бойынша Алматы қаласы ҰҚК-да екі адам, Шығыс Қазақстан облысында – 3 адам, Талдықорғанда 1 адам қаза тапты.

Қаңтар оқиғасы

Еске салайық, биылғы жылдың қаңтар айының басындағы Маңғыстаудағы сұйытылған газ бағасының қымбаттауына байланысты жаппай наразылық басталып, оның соңы ел аумағында тәртіпсіздік пен зорлық-зомбылыққа ұласқан еді. Ресми мәлімет бойынша, қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстанда кемі 227 адам мерт болған, оның 19-ы күш құрылымдары өкілдері.

Қақтығыстан әсіресе Алматы қаласы қатты зиян шекті. Қаңтардың 5-і күні қарулы қарақшылар тобы қала орталығын қиратып, қала әкімшілігінің ғимараттары мен жақын маңдағы президент резиденциясын өртеп жіберді.

Полиция ғимараттарына, ҰҚК және басқа да әскери нысандарға шабуыл жасалды.

Сондай-ақ Талдықорған, Шымкент, Қызылорда, Тараз қалалары да зардап шекті.

Осы оқиғалардан кейін Қазақстан билігі бүкіл елде төтенше жағдай енгізіп, лаңкестікке қарсы операция басталғанын хабарлады.

5 қаңтар күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметті отставкаға жіберіп, Қауіпсіздік кеңесін басқарды. Ол лаңкестермен күресу үшін ҰҚШҰ-дан көмек сұрауға шешім қабылдады.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі елдегі жағдайды қалыпқа келтіру үшін Қазақстанға ұжымдық бітімгершілік күштерін жіберу туралы шешімге келді. Барлығы 2300-дей бітімгер әскерилер келді. 13 қаңтарда ҰҚШҰ миссиясының сәтті аяқталғаны туралы хабарланды. Қазіргі таңда бітімгерлердің барлығы Қазақстаннан шығып кетті.

Үкімет қанша бейбіт тұрғынның қаза тапқанын әлі айтқан жоқ.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр