AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде полицейді тірі қалқан ретінде пайдаланған

Алматы полициясының метрополитен бөлімінің қызметкері Асыл Дүйсембеков жаппай тәртіпсіздік кезінде соққыға жығылған. Тіпті бұзақылар оны тірі қалқан ретінде пайдаланған. Бұл жағдай мегаполис көшелеріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

“Формамды алып, өртеп тастады. Жұмыс куәлігімді, жеке куәлігімді, қалтамда не болды, соның барлығын алды. Бөгенбай – Сейфуллин көшелеріне дейін ұрып, тоқпақтап апарып, тізерлеп отырғызды”, – деді тәртіп сақшысы.

Бұзақылар полицейді топтың алдында тірі қалқан етіп ұстаған. Асыл Дүйсембековті әріптестері құтқарып қалған.

“Әріптестеріме рақмет. Қазір сол кісілердің арқасында аман-сау отырмын. Барлығымыздың анамыз бар. Оларға да оңай емес екен өз баласын соққыға қалғанын көрген”, – деді ол.



Асыл Дүйсембеков ішкі істер органдарындағы қызметке әке жолын қуып келген. Полицей алдағы уақытта да өз міндетін атқарып, жұмысын жалғастыруды көздейді.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр