AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Маңғыстаудан басталған митинг: Газ құю стансаларының иелері чатта бағаны түсірмейміз деп келіскен

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Маңғыстау облысы департаментінің басшысы Бауыржан Есенов Маңғыстау облысындағы газ құю стансаларының қожайындары желтоқсан айында өзара келісіп, газ бағасын екі есе өсіріп жібергенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол монополияға қарсы департамент сұйытылған мұнай газ нарығындағы бәсекелестікке қарсы келісімдер (картель) бойынша нақты жұмыс атқарғанын айтты. Атап айтқанда, сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізетін 19 нарық субъектісіне тергеу жүргізілген.

"Аталған газ желісі ұйымдары мен автогаз құю станциялары 2021 жылғы желтоқсан айының соңында бір мезетте газ бағасын көтеріп жіберген. Тіпті, жедел мәліметтерге сүйенсек, автогаз құю стансаларының иелері өздерінің ватсап чаттарын ашып, "бағаны 115-120 теңгеден төмен сатпаймыз" деп келіскен", – деді Есенов агенттіктің алқа отырысында.

Нәтижесінде, оның айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 159 бабы 1-тармағы бойынша 17 нарық субъектісіне қатысты барлығы 19,5 миллион теңге монополиялық кірісі тәркілене отырып, 1 миллион теңгеден асатын айыппұлды көздейтін хаттамалар толтырылды.

Істер қарау үшін сотқа жолданды.

Еске салсақ, қаңтар айының басында елдің батысында бейбіт митингтер өтті. Маңғыстау облысының тұрғындары наразылыққа шығып, автогаз бағасын литріне 120 теңгеден 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, халықтың талабын орындады.

Көп ұзамай үкімет көлікке арналған сұйытылған мұнай газының 180 күнге арналған шекті бағасын бекітті.

Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарында газ бағасы литріне 50 теңгеден (шалғай аудандарда (200 шақырымнан астам) – 55 теңге) сатылатын болды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр