Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кубалық әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) WBA бойынша тағы бір дивизион белбеуі бар кубалық боксшы Эрисланди Ларамен (29-3-3, 17 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: janibek_alimkhanuly Instagram парақшасынан

“Мен Лараны түсінбеймін. Ол менімен 3 титул үшін төбелесе алады. Онымен жекпе-жекке шықсам, қуанар едім. Ол неге чемпионмен жекпе-жекке шықпайды? Оны түсінбей-ақ қойдым! Жәнібек пен Лара айқасы. Осы жекпе-жекті ұйымдастырайық!", - деп жазды Жәнібек өзінің Twitter-дегі парақшасында.

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы – Қазақстанның орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін шаршы алаңда әлі жеңіліп көрмеген кәсіпқой боксшысы. Отандасымыз кейінгі жекпе-жегінде Винченцо Гуальтьериді техникалық нокаутпен жеңіп, орта салмақта WBO және IBF белбеулерін иеленді. 12 раундқа жоспарланған кездесу мерзімінен бұрын 6-раунда аяқталды. 

Сондай-ақ, Ресейлік Livesport.ru порталы Жәнібек Әлімханұлы мен америкалық боксшы Джермалл Чарло 2024 жылы жұдырықтасуы мүмкін деп есептеп, болжамды жекпе-жектердің тізіміне енгізген еді.

 

Талқылау