Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлерге қамқорлық көрсетіп, пара алған: Балық шаруашылығы комитетінің басшылары сотталды

Астанада Балық шаруашылығы комитетінің басшылары жемқорлық үшін сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2021 жылдан 2024 жылдың ақпанына дейін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде қамқорлық көрсетіп, пара алды деп айыпталғандарға сот үкімі шықты.

“Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен Ауыл шаруашылығы министрлігі Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы Н.Т.Жүнісов және оның қарамағындағылар балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысы Е.К.Суықбаев сотталды. Сот үкімімен оларға 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды”, – делінген хабарламада.



Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталғанын хабарлаған едік.

Талқылау