Пара алды деп айыпталған балық шаруашылығы комитеті төрағасының ісі сотқа жолданды
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады. Олар 2021 жылдан бастап 2024 жылғы ақпанға дейін жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінді.
Тергеу соты күдіктіге қатысты "электронды білезікті" қолдана отырып, "үйқамақ" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басқа ақпаратты жариялаудан бас тартты.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”