AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
AAPL
150.43 $
-1.51 %
TSLA
275.33 $
-4.59 %
NDAQ
56.93 $
-0.82 %
GOOGL
98.74 $
-1.4 %
FRHC
50.66 $
-3.78 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу тіркелді – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Сыбайлас жемқорлыққа қызметі куәсіпкер Қуат Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Ведомство аталған ақпаратты растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қ.М. Сұлтанбековтің арызы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын тіркеді. Арыз берушінің уәждері тергеу барысында тексерілетін болады. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Сот бизнесмен Қуат Сұлтанбековке қатысты істі тоқтатқаны туралы бұған дейін хабарланған болатын.

Айта кетсек, бұған дейін Нұрлан мен Ерлан Нығматуллиндердің үстінен рейдерлік жасағаны үшін қылмыстық іс қозғалғаны анықталғанын жазған болатынбыз

"Балқаш оқиғалары жайлы екі кәсіпкердің арақатынасы астанадағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік тергеп жатқан қылмыстық істің фабуласына айналды. Ол 2022 жылдың сәуірінде басталған. Бұл істің аясында Сұлтанбеков зардап шегуші болып танылды. Демалыс аймағына қатысты және өзге де деректерді айта алмаймын. Тергеу жүріп жатыр, жедел топ құрылды. Бұл істің аясында Нығматулиндердің қатысы мен олардың қаншалықты әсер еткені бағаланып жатыр", – деген болатын адвокаттар коллегиясының адвокаты Мәулен Әлімбаев. 

Талқылау
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр