Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Ақтау әкімін сотқа беріп, жеңіп шықты

Ақтауда кәсіпкер әкімдікті сотқа беріп, істі жеңіп шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada басылымына сілтеме жасап. 

Сот талқылауының тағы бір фигуранты Ақтаудың жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі болды. Мәселе мынада, қала әкімдігі бизнесменге жер телімін жалға беру мерзімін ұзартудан бас тартқан. Сондықтан кәсіпкер сотқа жүгінген. Ақырында шенеуніктер кәсіпкерге жалға беру мерзімін ұзартудан заңсыз бас тартқанын мойындады. 

Сот шешімі бойынша жергілікті билік жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдауға, яғни бір ай ішінде кәсіпкердің пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауға мәжбүр болды.

Алайда сот шешімінен кейін бір ай өтсе де, кәсіпкердің құжаттарына қол қойылмаған. 



"Жеткілікті уақыт өтсе де, әкім сот шешімін орындамады. Бұл кәсіпкердің құқығын бұзады. Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдерін орындау соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтару 50 АЕК (153 150 теңге) мөлшерінде ақшалай төлем төлеуге әкеп соғады. Сот Ақтау қаласы әкімінің өзінен 50 АЕК көлемінде ақшалай өндіріп алу туралы шешім шығарды", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық сотында.

Әкім бес күн ішінде айыппұл төлеп, 10 күн ішінде қажетті құжаттарға қол қоюы керек. Олай болмаған жағдайда ақшалай өндіріп алу көлемі 10 АЕК-ке ұлғайтылып, қайта қолданылады. 

Сотта әкімнің заң бойынша сот актісін орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылуы мүмкін екені де айтылды. 

Талқылау