Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан қазақстандық әскерилерге құрмет көрсетті (видео)

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызыл алаңда парадқа қатысып жатқан Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Парадта Қазақстанның атынан келген Кеңес Одағының Батыры генерал-майор Иван Панфилов атындағы 37-десанттық-шабуылдаушы бригадасының әскери қызметкерлерін салтанатты бөлімін таныстырды.
Тоқаев қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады
"Құрамында 80 әскери қызметкер бар парадтық бөлімді полковник Алмас Төлегенов басқарды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Тоқаев еліміздің сарбаздары шыққан кезде орнынан тұрып, сәлемдесті.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Кремльге жеткені жазылды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар