Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді
Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді. Бұл туралы Facebook-те ҚР баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Отырыс сағат 11:00-де Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы видео байланыс арқылы өтеді.
"Жиында Үкімет 2020 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы есеп береді. Сондай-ақ коронавирусқа қарсы күреске қатысты қабылданған шаралар, Мемлекет басшысының Үкіметтің алдағы уақытта атқаратын жұмысының негізгі бағыттары бойынша берген тапсырмалары мен міндеттері қарастырылады", - деп жазды Берік Уәли.
Президенттің баспасөз қызметі өзінің @AkordaPress ресми аккаунтында твит-трансляция жасайды.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі