Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: "Біз шетелге кеткен жастарды жоғалтпаймыз"

ҚР-ның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев батыс елдеріне оқуға немесе жұмыс істеуге кететін жастар жайлы өз ойын жеткізді, деп Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан - заманауи мемлекет және күн санап жандана түсуде. Бұған жастардың "Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелге барып оқуы да өз ықпалын тигізіп жатыр. "Болашақтың" жастары ертеңгі күні Қазақстанның болашағына айналатыны сөзсіз", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Тағы оқыңыз >>> Тоқаевтың жалғыз ұлының суреті жарияланды

Бұған қоса президент бұл тенденция жайлы өз пікірін айтты. 

"Қазір байқауға қатысып, грант пен стипендияға ие болып, шетелдің кез келген ЖОО-на түсуге болады. Жастардың шетелге баруына біз кедергі болмаймыз, себебі біз оқуға кеткен жас ұрпақты жоғалтпайтынмызға сенімдіміз", - деді мемлекет президенті. 

Тоқаевтың айтуынша, шетелге кеткен студент бәрібір де жан-тәнімен қазақылығын сақтайды. 

"Оқуға кеткен студент өз отанына оралып, оның дамуына өз үлесін қосатын болады", - деп қорытындылады сөзін Тоқаев. 

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдағы этникалық қазақтардың жағдайы туралы айтып, "Назарбаевқа сын айтуға бола ма?" деген сұраққа жауап берген болатын. 

 

Талқылау