Қасым-Жомарт Тоқаев "AMANAT" партиясының съезін шақырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқанв 26 сәуір күні “AMANAT” партиясының ХХІІІ кезектен тыс съезін шақыру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Бүгін "AMANAT" партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 26 сәуірінде кезектен тыс XXIII Съезді шақыру туралы шешім қабылдады", - деп жазды партияның атқарушы хаьшысы Асхат Оралов.
Съезге барлық өңірдегі делегаттар қатысады және онлайн форматта өтеді. Орталық аппарат филиалдармен бірлесіп дайындық іс-шараларын бастады.
Съезд барысында "ADAL" саяси партиясының "AMANAT" партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарланып отыр.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”