Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Төрт түліктің қасында түнепті: Қашқын сарбаз оқиғаның қалай болғанын түсіндірді

Жамбыл облысында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз ұсталды. Ол Тараздан 40 шақырым жердегі мал ұстайтын қоралардың бірінде жасырынып жатқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап. 

19 жастағы жігіт бес күн бойы мал бағып, төрт түліктің қасында түнепті. Ал әскерден қашуын "ата-анамды қатты сағындым" деп түсіндірді. 

"Теміржолға түстім, сосын адасып Ақыртөбеге жаяу бардым. Сол жақта малшы болып жүрдім. Ол жақта тамақ, үй – бәрі тегін. Сосын күнде-күнде үш-төрт мың теңге тауып, үйге барып ата-анама сыйлық алып, қайтып келем бе деп ойладым", - дейді №8595 әскери бөлімінің сарбазы Нұрасыл Арысбаев.

Нұрасыл Арысбаев осыдан бес күн бұрын әскери бөлімнен қашып кеткен. Тәуліктік кезекшілікте тұрғанда түнделетіп бой тасалапты. Алғашында Алматыға қарай бет алған екен. Алайда кейін туған жері Шымкентке баруды жоспарлаған. Нұрасылдың қашу себебін полиция департаменті егжей-тегжей тексеріп жатыр.

Әскери бөлімнің өкілдері бес күн бойы іздеуде болған сарбазға қатаң жаза қолданылмайды деп сендірді.  

"Әскери бөлімді не себепті өз еркімен тастап кеткені жөнінде және оған қатысты процессуалдық іс-шаралар жүргізу үшін іс құзырлы органға тапсырылды. Оған әкімшілік жаза қолдануы мүмкін", - дейді  №85395 әскери бөлім командирінің орынбасары Бауыржан Дүйсенбаев.

Естеріңізге сала кетейік, 19 жастағы сарбаз 25 наурызда түнгі кезекшілігін тастап белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаевтың қолында қару-жарақ болмаған. Қасындағы серіктесі ұйқыға кеткенін пайдаланған жауынгер түн жамылып қашып кетті. 

Осыған дейін сарбаздың табылғаны туралы жазған болатынбыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр