Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тараздағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

Түнгі күзет кезінде Тараздағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қорғаныс министрлігі қашқынның тұтқындалуы туралы егжей-тегжейлі ақпараттың кейін жарияланатынын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, 19 жастағы сарбаз 25 наурызда түнгі кезекшілігін тастап белгісіз бағытта қашып кеткен. Әскерилердің айтуынша, Нұрасыл Арысбаевтың қолында қару-жарақ болмаған. Қасындағы серіктесі ұйқыға кеткенін пайдаланған жауынгер түн жамылып қашып кетті. 

Әскери бөлімі командирінің орынбасары Бауыржан Дүйсенбаевтың сөзінше қатардағы жауынгердің не үшін мұндай қадамға барғаны белгісіз.

Ал әскери бөлімге баласын іздеп келген Нұрасылдың анасы ұлының әскерден қашып кеткеніне сенбейді. Олар менің баламды жасырып, бір жерде тығып ұстап отыр дейді.

"Бұнда не болып жатқанын білмеймін. Бір күдігім бар. Мүмкін емес, менің балам момын бала. Дуалдан асып кетіп қалған. Не үшін кетіп қалғанын білмеймін. Төрті тәулік болды, әлі жоқ. Ешқайсысы қимылдамай жатыр", - дейді Гүлжан Арысбаева.

Талқылау