Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қашанғы жалдамалы пәтерде тұрамын": Балжан Бидаш алдағы жоспарларымен бөлісті

Жақында Жахан Отарғалиевпен ажырасып кеткенін мәлімдеген Балжан Бидаш “Өзіміз ғой” бағдарламасында кәсіпкерлікпен айналыспақ ойы барын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

©instagram.com/bidash_official

Балжан Бидаш ажырасқан соң шетелге кетіп қалуының себебін түсіндірді.

“Мен шешім қабылдаған соң, өзіме жеке пәтер жалдадым. Содан кейін белсенді бола бастадым. Маған Жаратушы өзі көмектескендей болды. Өзімді барынша күйзелістен алыстатуға тырыстым. Бірақ іштей мұң, сағыныш болды. Өйткені оңай емес. Бір адаммен бірнеше жыл бірге тұрып, одан бөлек өмір сүріп кету оңай болған жоқ. Теңіз жағасында жатып, қиялдауға уақы та болмады. Содан аға-жеңгеммен бизнес қарау мақсатында Қытайға кетіп қалдым. Тауар қарауға бардым, бірақ іздегенімді таппадым. Маған көлік, үй алу керек. Қашанғы жалдамалы пәтерде тұрамын”, – дейді Балжан Бидаш.

Шығармашылық пен өнер де Балжанның назарынан тыс қалған жоқ. Сондай-ақ әншінің шығармашылықпен айналысқанын ата-анасы да қалайтын көрінеді.

“Қазір әншілікті қайта қолға алсам ба деймін. Жеке әнші ретінде көп жұмыс істеу керек болып тұр. Менде продюсер жоқ. Негізі қазір продюсермен жұмыс істейтін уақыт емес. Ата-анам 30 жылдан бері Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында мәдениет үйн басқарады. Әкемнің музыкалық білімі бар. Байқауларға арнап ән шығарады. Анам да әнші. Көзімді ашқалы камера, қзын-сонар шашылып жатқан тоқтың бауы, микрофон, колонка, гитара, пианино сияқты заттарды көріп өстім. Кеше анам: “Қызым, бизнесті қоя тұрсаңшы. Шығармашылыққа көңіл бөлші” деп жазып жіберіпті. Сөйтіп анама жоспарларымды айтып, еш уайымдамауын сұрадым. Бұйырса келесі жолы шетелдегі жақсы жаңалықтарыммен қуантайын”, – деп алдағы жоспарларымен бөлісті.

Талқылау