Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген қазақстандық вайнерге іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

азимжан

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағында (қаржылық "инвестициялық" пирамиданы құру және оған басшылық ету) көрсетілген қылмысты жасады деген күдік бойынша Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Саидбаев Азимжан Алымжанұлыа іздеу жарияланды. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау", - делінген Рустам Әбдірахмановтың хабарламасында.

Полицейлер іздеуде жүрген Азимжан Саидбаев туралы мәлімет болса +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондарына хабарласуды сұрайды. 

Айта кетейік, бұған дейін үш вайнер қаржы пирамидасын құрды және басқарды деген күдікке ілінген еді. Бұған қатысты пікір білдірген Мейіржан Төребаев өзінің кінәсі жоқ екенін және пирамидадан жапа шеккенін мәлімдеген.

Талқылау