"Қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі": Қазақстандық жүргізушілер 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеуі керек
Мемлекеттік кірістер комитеті көлік иелеріне 1 сәуірге дейін көлік салығын төлеу керек екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Салықты есептеу кезінде 2023 жылы қолданыста болған 3 450 теңге көлеміндегі АЕК қолданылады.
Соманы kgd.gov.kz веб-порталындағы есептегіштің көмегімен немесе e-Salyq Azamat мобильді қосымшасында дербес есептеуге болады. Сомалар туралы ақпарат 2024 жылдың 15 наурызынан кейін "Kaspi Bank" АҚ және "Халық Банкі" АҚ мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға push-хабарламалар түрінде жіберіледі.
"2024 жылдың 2 сәуірінен бастап төлемегендерге салық берешегі туралы хабарлама жіберіледі, содан кейін қарыздар мәжбүрлі түрде өндіріледі", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда ескі көліктерге салынатын салық қайта қаралатыны туралы жазған едік.
Стример мен 2 жыл ғана жұмыс істеген қыз алған: "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"