Тәжікстанда Қазақстаннан ескі көліктерді әкелуге тыйым салынды
Тәжікстан дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдерден, оның ішінде Қазақстаннан ескі көлік құралдарын әкелуге тыйым салады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шектеу 2013 жылға дейін шығарылған көлік құралдарына қолданылады.
"Тәжікстан ауаның ластануының және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірудің негізгі көзі болатын ескі автомобильдерді азайтуға, сондай-ақ ескі автомобильдерден шығатын қалдықтарды (аккумуляторлар, шиналар, кондиционерлер) азайтуға бағытталған жарлық дайындады", – деп хабарлады "Қазстандарт".
Жарлық Тәжікстанда 2024 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді деп күтілуде.
Алматының ауызсуын қайнату керек пе: Судан табылған бактерияға қатысты мамандар не дейді
Қазақстан тұтынушылар ұлттық лигасының президенті Алматыдағы ауызсудан синегной таяқшасы анықталғанын растады
Қазақстан туын балконға ілуге, киімге басуға бола ма? Мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі қандай
Бұл туралы заңгер жауап берді