Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарындасына жол беріп тұр": Ерке Есмахан тағы бір сәбилі болуға қатысты пікір білдірді

Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан оқырмандарымен сырласып, сұрақтарына жауап бердім. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/

Өнер иесі балалы болғаннан кейінгі өмірінің қалай өзгергенін айтып берді. 

“Екі ұлдан соң, құдайдан қыз тілеп жүрміз. Алланың бұйыртқанын туа беремін. Ең бастысы дені сау болсын. Ислам ембейді. Ол үлкен жігіт болды. Қарындасына жол берді", – деп жазды өнер иесі. 

Сондай-ақ әнші өзіне жазылатын негатив пікірлерді қалай қабылдайтынын жеткізді. 

"Хейт болсын, онсыз қызық емес қой және көз тимейді. Ол адам менің күнәларымды алып кетеді. Пайда! Жаманнан жақсы сөз көп негізі. Менің көзім тек әдемілікті, жақсылықты, махаббатты көреді. Біреу не дейді, не жазды дегенге мән бермеңіздер. Өйткені өмір қысқа, уақыт аз. Ғаламның ғажаптарын сезінуге ұмтылыңыздар", – деді әнші. 



Ерке Есмаханның айтуынша, балалы болғаннан кейін жұмысты да, кездесуді де кейінге қалдырған. Тіпті, құрбыларымен жолығуға уақыт тапшы екен. 

“Бәріміз отбасылы, балалы болған соң уақыт тапшы болып қалды. Гүлназбен үнемі байланыстамыз, кездесеміз дегенімізге мың жыл болды. Әлі кездеспедік. Жания, Дана, Сая, Луиналарды тіпті сағындым. Әне-міне деп әлі жүрмін. Жылдап кездеспесек тек, бір-бірімізге тек бақыт тілеп отыратын нақ достар екенімізді білемін", – деп жауап берді өнер иесі 

Бұған дейін, Ерке Есмахан ене мен келін тақырыбын қозғап, отбасы татулығына қатысты үндеу жасаған еді. 

Талқылау