Кәрім Мәсімовтен тәркіленген үй енді ақпарат министрлігіне берілмек

Бұрынғы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Кәрім Мәсімов тұрған зәулім үйдің ендігі тағдыры белгілі болды. Астанадағы нысан басқа мемлекеттік мекеменің теңгеріміне беріліп, енді кеңсе ретінде пайдаланылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кәрім Мәсімовтен Нұра ауданындағы Қараөткел шағынауданында орналасқан зәулім үй тәркіленген. Бұған дейін ол оқу-ағарту министрлігіне қарасты ерекше және инклюзивті білім беруді дамыту орталығының балансына берілген еді. Алайда ғимарат балалармен жұмыс істеуге қолайсыз деп танылып, жөндеуді қажет ететіні айтылған.
Енді нысан мәдениет және ақпарат министрлігінің қарамағындағы ақпарат комитетінің "Талдау және ақпарат орталығына" бекітілді.
Комитеттің мәліметінше, қажетті құжаттар рәсімделіп, ғимарат мақсатына сай бейімделгеннен кейін ұйым қызметкерлерінің кеңсесі ретінде пайдаланылмақ. Әзірге оны күтіп-ұстау мен жөндеуге бюджеттен қосымша қаржы бөлінбеген.
Еске салсақ, Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда сатылды.
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”
"Том Хардиге ұқсаймын": Желіде жарияланған бір ғана жазба қазақстандық қарапайым сатушының өмірін қалай өзгертті
6 миллион қаралымнан кейін Телжанға көптеген компаниялардан ұсыныстар түскен
Оқыңыз