Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда сатылды

Кәрім Мәсімовке тиесілі самурай қылышы аукционда 1,5 миллион теңгеге сатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін тергеу барысында тәркіленіп, қайтарылған активтерді басқару органдарына берілген самурай қылышы 29 сәуірде электронды саудаға шығарылып сатылды.
"Қаптағы самурай қылышы: жүзі болаттан жасалған, жүзінің ұзындығымен бірдей терең емес ерекше ойық бар. Қабы қара түсті материалдан жасалған, сабы сұр түсті металдан жасалып, бедерлі геометриялық өрнекпен безендірілген", – делінген лот сипаттамасында.
Бағалаушылардың мәліметінше, қылыш жақсы сақталған, ал жүзінде 47911 деген нөмірлер бар. Бұл бағалау 2024 жылдың желтоқсан айында жасалған.
Құжатта сондай-ақ қылыштың нарықтық құны 542 719 теңге екені көрсетілген. Алайда аукциондағы бастапқы бағасы 379 904 теңге болған. Нәтижесінде лот 1 586 954 теңгеге сатылды.
Сауда басталмас бұрын сатып алушылар тауарды алдын ала қарап шыға алады. Баға қосылған құн салығынсыз көрсетілген. Келісімшарт рәсімделген кезде түпкі құнына 16% көлемінде қосылған құн салығы қосылады.
2025 жылы қарашада бұл қылыш 542 719 теңгеге сатылған, бірақ жеңімпаз сатып алушы төлем жасамағандықтан мәміле жарамсыз деп танылды. 2026 жылдың ақпанында самурай қылышы 3 413 825 теңгеге сатылды делінді, бұл бастапқы 461 312 теңге бағадан 7 еседен астам жоғары. Алайда бұл келісім де жүзеге аспаған.