Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым жігітке тұрмысқа шығуды ұйғарған ханшайым 1,3 миллион доллардан бас тартты

29 жастағы Жапония императорының жиені ханшайым Мако тұрмыс құрғаны үшін корольдік мәртебеден айырылуына байланысты жапон үкіметі төлеуі керек 1,3 миллион долларды алудан бас тартты. Ол бұл қадамға 29 жастағы күйеу жігіті Кей Комуромен үйлену тойын тездету үшін барған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Times басылымына сілтеме жасап.

Басылым атап өткендей, ханшайым корольдік мәртебеден бас тартады. Себебі оның сүйіктісі текті әулеттен шықпаған. Олар кейінге қалып келе жатқан үйлену тойын ақыры биыл жасамақ. 

Сүйікті жігітімен үйленгеннен кейін Мако корольдік отбасы мүшесі мәртебесін жоғалтады. Бұдан соң ханшайым АҚШ-қа өзінің сүйіктісіне көшіп бармақ. Комуро қазір Нью-Йоркте адвокаттық мансап құру үшін емтихан нәтижелерән күтіп жүр. 

Ерлі-зайыптылар 2012 жылы Халықаралық христиан университетінде танысқан. Жұп 2017 жылы ресми түрде атастырылған.

The Times газетінің хабарлауынша, Маконың әжесі, бұрынғы императрица Митико оның "аңғал" екенін айтып, сүйіктісімен қарым-қатынасты тоқтатуға шақырған. Бұған Комуроның анасының 40 мың долларға жуық ақша дауына қатысқандығы себеп болған. Дау әлі де жүріп жатқан көрінеді. 

Үйлену бірнеше рет белгісіз мерзімге кейінге қалдырылып отырды. Ханшайымның пікірінше, Үкіметтің қаражатынан бас тарту той рәсімнің күнін тездетуі керек. Үйлену тойынан кейін ерлі-зайыптылар мен болашақ балалары сияқты империялық мәртебеге ие болмайды.


Жапония туралы 15 дерек: Қазақстандық актер Санжар Мәдиді не таңқалдырды

Талқылау