AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
AAPL
165.35 $
-0.28 %
TSLA
864.51 $
-6.63 %
NDAQ
182.07 $
-0.39 %
GOOGL
117.47 $
-0.61 %
FRHC
56.91 $
-0.32 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарап тұра алмайды екенсің": Көк туды өрттен сақтаған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты

Түркістан облысында өртке оранған ғимараттың шатырына шығып, көк туды өрттен сақтап қалған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтты. Қансейіт Мұхаммед - жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығының маманы. Ол көк тудың өртенуі мүмкін екенін көргенде қарап тұра алмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Қазақстан" Ұлттық арнасының "1001 түн" бағдарламасына сілтеме жасап. 

"Қауіп-қатер төнді. Ондай кезде ойланатындай жағдай болмады. Бірақ көк туымыздың астынан өрт шығып жатса, қарап тұра алмайды екенсің. Бір минут та тұра алмайсың. 

Аяқтан ыстық тұрды. Бірақ бірінші мақсат туды алып қалу болды. Ешқандай жарақат алған жоқпын, Құдайға шүкір. Астында жедел жәрдем қызмет көрсетіп тұрды", – дейді Қансейіт Мұхаммед.



Қансейітті жергілікті жұрт батыр деп таныды. Ал ата-анасы жағдайды алғаш естігенде жігітке ұрысқанымен, қазіргі уақытта оны мақтан тұтып отырған көрінеді. 

Айта кетейік, кеше Түркістан облысында халықты жұмыспен қамту орталығының ғимараты өртке оранды. Қызметкерлер мен сақталған құжаттар әзірге өзге орынға көшірілген. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр