Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Карантинде барға барып, әйелін ұрған": Шу шығарған Талдықорған әкімдігінің қызметкерлері жазаланды

Желіде тараған Талдықорған қаласы әкімдігінің қызметкерлері мас күйінде карантин бұзды деген видеосына қатысты жүргізілген тергеу нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қала әкімдігіне тиісті шара қабылдау туралы хат жіберген болатын. Тиісті тергеу жүргізілді. 

"Осы факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, оның нәтижелері Талдықорған қаласы әкімдігінің тәртіп комиссиясының отырысында қаралды. Тергеу нәтижелері бойынша Талдықорған қаласы әкімінің ағымдағы жылғы 15 наурыздағы бұйрығымен тәртіптік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарланды. 

Тергеу нәтижелері бойынша шенділердің бірі қызметінен босатылды.

"Әкімнің орынбасары Арзанбековке "қатаң сөгіс" жарияланды. Талдықорған қаласы әкімі аппаратының басшысы Такебаевқа "сөгіс" түріндегі жаза тағайындалды. Қалалық кәсіпкерлер бөлімінің басшысы Қалиахметовке "қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту" берілді. Талдықорған қалалық құрылыс бөлімінің бастығы Нұрғалиев мемлекеттік қызметтен босатылды", - делінген хабарламада. 

Желіде Талдықорған әкімдігінің қызметкерлерінің караоке-барда көңіл көтеріп отырған видеосы пайда болды.

Видео авторы Қайрат Әбдірахманның айтуынша, олар бірнеше сағат бойы караоке барда Талдықорған әкімдігінің қызметкерлерінің әрекеттерін бақылап отырған. Автор тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерінің рульге мас болып отырғанын, әйелін қалай ұрағанын, қала әкімдігінің қызметкерлерін әшкерелегенін айтады. 

Талдықорған қаласының әкімдігі бұл мәселеге қатысты тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Олар сондай-ақ видеода Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары мен қалалық құрылыс бөлімінің бастығы бейнеленгенін растады.

"Қазіргі уақытта біздің Алматы облысы бойынша аумақтық департаментіміз тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Тиісті шараларды қабылдау туралы Талдықорған қаласының әкімдігіне хат жолданды. Қазір әкімдікте қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр", - деп хабарлады Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз хатшысы Ерхан Таткен.

Талқылау