Карантин талаптарына бағынбаған қазақстандықтардың есімін жариялау заңғы қайшы емес пе? Әділет министрлігі жауап берді
ҚР әділет министрлігі Ashyq жүйесінде “қызыл” статусы бола тұра қалада қыдырып жүретін тұрғындардың есімін жариялау заңға қайшы келмей ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ескере кетерлік жайт, тек құқық бұзушылыққа жол беріп, әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтар жайлы ақпарат жарияланады. Бұл тұрғыда Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, заңнамада белгіленген кейбір жағдайларды қоспағанда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер ашық түрде жүргізіледі”, – деп атап өтті министрлік өкілдері.
Ведомство өкілдері азаматтардың есімі соттан кейін “Төрелік” сайтында жария болатынын алға тартты.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда карантинге бағынбаған азаматтардың есімі БАҚ беттерінде жарияланған еді. Бұл мәселеге қатысты денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жауап берген болатын. Оның сөзінше, тұрғындардың есімін жариялау заңға қайшы емес.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”