Карантин кезінде жұмыстан босатылған қазақстандықтар 42500 теңге ала ма? Еңбек министрі жауап берді

Карантин кезінде жұмыстан босатылған қазақстандықтар шілде айында 42 500 теңге біржолғы төлем ала алмайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов осындай тұлғаларға жұмыспен қамту орталықтарына баруға кеңес берді.

"Егер мен жұмыстан шықсам немесе мені жұмыстан босатса, жұмыс беруші қалай өтініш бере алады?" - деген сұрақтар болды. Ол алмайды. Бұл жағдайда сізден жұмыспен қамту орталықтарына хабарласуыңызды сұраймыз. Сізге бос жұмыс орындары немесе басқа да жұмыспен қамту шаралары ұсынылады", - деді министр.

"Сіз алты айға дейінгі мерзімге төленетін әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздық бойынша басқа әлеуметтік төлемді автоматты түрде ала аласыз", - деп нақтылады Нұрымбетов.

Бұған дейін министр кімдер 42500 теңгені ала алмайтынын айтқан еді. Сонымен қатар,  Аружан Саинның ақшаны балалар санына қарай беру туралы ұсынысына жауап берді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр