Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

42500 теңге тағайындау үшін отбасындағы бала санына қарай ма? Министрдің жауабы

42500 теңге тағайындау барысында отбасындағы бала санына қарай ма? Бұл сұраққа еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмек тағайындау ережесін түсіндіріп берді. Оның сөзінше, 42500 тек табысынан айырылғандар үшін төленеді. Яғни, бұл көмекті алу үшін отбасындағы бала саны әсер етпейді. 42500 теңге көлеміндегі бір реттік әлеуметтік көмекті тек қана карантиннің әсерінен ақысыз еңбек демалысына жіберілген тұлғалар ала алады. 

"42500 еліміздегі жалғыз әлеуметтік көмек емес. Мемлекеттік бюджеттен 39-ға жуық әлеуметтік төлем төленеді. Айына 300 млд теңге көлемінде қаражат бөлінеді. Олардың ішінде 8 мемлекеттік жәрдемақы мен 3 төлем балаларға қатысты және балалы отбасыларға төленеді. Оның ішінде баланы өмірге әкелгені үшін, балаға қарағаны үшін төленетін төлемдер. Биылғы жылы бізде көп балалы отбасыларға берілетін төлемақыны да енгіздік. Ол бала санына байланысты. Ал табыс көзі аз отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Сондықтан, көпбалалы отбасыларға қатысты төлемдер толыққанды жасалып келеді. Ал бұл төлем 42500 теңге табысынан айырылғандар үшін. Егер бір отбасыда бірнеше адам табысынан айырылса, онда барлығының да төлем алуға мүмкіндігі бар", - дейді Нұрымбетов. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік көмек алу үшін жалдамалы жұмысшыларға өтінішті жұмыс берушінің беретінін белгілі болған. Артынша жұмыс берушілер министрліктің тарапынан тексерілмек. 

Естеріңізге сала кетейк, осыған дейін Аружан Саин ақшаны балалар санына қарай беруді ұсынған болатын. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр