Қарақат пен Қыдырәлі сәбилерінің есімін қырқынан шыққанша айтпайтын болды
Әндетіп, сырнайлатып перзентханадан шыққан әнші Қарақат Әбілдинаның бақыттан жүрегі жарылардай күйде.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Әнші Қарақат Әбілдинаның жаңа туған сәбиін көпшілік әлеуметтік желі арқылы көрді. Күні кеше ғана Қарақаттың құрбысы әрі әріптесі Мәдина Садуақасова әншінің үйінде қонақта болып, көпшілікке нәрестені көрсетті. Тек Мәдина ғана емес, дәл сондай суреттерді Қарақаттың жақын құрбылары Тамара Асар, Айнұр Тұрсынбева, Алтынай Жорабаева да жариялады.
Төрт ұлдан кейін қызды болған Қыдырәлі мен Қарақат бүгінде елдің назарында. Үш күн бұрын босанып, аяқ қолын бауырына алған әншіні Астанадағы “Ана мен бала” перзентханасынан шығарып алды. Қарақатты дәл осындай қуанышты күнде қолдауға ұлдары, туыстары және өнер мектебінің оқушылары келіпті.
«Осы қай жерде болмасақ та, «айналайын, кесте тігерің болсын» дейтін еді. «Көп тілегі көл» деген осы шығар. Алла тағала қабыл етіп, тағы да бір тамаша отбасымызға гүл, қыз келді деп бақыттан жарылардай болып жүрмін. Төбем көкке бір елі жетпей тұрғандай. Сондай ғажап күй кешіп тұрмын. Рахмет сіздерге», – дейді Қарақат Әбілдина.
Жұлдызды жұп баласының есімін қырқынан шығармайынша, елге жарияламауды жөн санапты. Себебі, кішкентайға тіл-көз тиюден қорқады екен. Нәрестенің салмағы – 2 келі 800 грамм, бойы – 52 сантиметр.
Жіберіп алмаңыз:
Артур Төлепов сүйіктісіне сақина салып, ұсыныс жасады (фото)
Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)
Қыдырәлі Болманов: Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнім екенін ұмыттым
Канн кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ұлттық павильоны ашылды