Артур Төлепов сүйіктісіне сақина салып, ұсыныс жасады (фото)
Көпшілік қауымға “Жаужүрек мың бала” фильмі арқылы танылған белгілі актер, әнші Артур Төлепов өзінің сүйіктісіне ұсыныс жасады.

Бұл туралы Дәулет Төлеутай есімді қолданушы, журналист өз парақшасында жариялады.

“Жуырда ұлан-асыр той. Артур Төлепов Салтанатқа ұсынысын білдірді. Биылғы жазда той көп. @arturtolepov, @salta_ayaken сендерге шын жүректен бақыт тілеймін”, – деп жазады журналист.

Оның айтуынша, актердің сүйген аруы “Қазақстан” ұлттық телеарнасындағы “Сәлем, Қазақстан” шоуының продюсері Салтанат Аякен екен. Ол сондай-ақ, “Әйел бақыты” бағдарламасының сюжет редакторы қызметін де атқарады.
Оқи отырыңыз:
Парижде ән салған Димаш әлем жұлдыздарын таңдай қақтырды (видео)
Қыдырәлі Болманов: Жұмысымның көптігі соншалық, туған күнім екенін ұмыттым
Канн кинофестивалінде Қазақстанның бірінші ұлттық павильоны ашылды
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған