Қарақат Әбілдина кенже қызының тұсауын Димаштың анасына кестірді
Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында көптен күткен қуаныш! Жұлдызды жұп кенже қызы Айзаданың тұсаукесер тойын жасады, деп хабарлайды Stan.kz.
Әбілдина 1 жасқа толған қызының жүзін алғаш рет көпшілікке көрсетті. Желі оқырмандарының басым дені бүлдіршіннің Қарақаттың өзіне ұқсағанын аңғарған. Жұлдызды жанұя қуанышты күнді атаусыз қалдырмай, Бурабайда той жасады.
"Басқа тойды тойламасаң өзің біл, Балалардың туған күні тойлансын. Бурабайдың баурайында Айзөниіміздің тұсаукесер тойын шағын ортада атап өттік. Той ұлттық нақышта өтті.
Кешегі кештен тараған энергетика, тойдың қызығын екі сөзбен жеткізу мүмкін емес сияқты", – деп бөлісті Қарақат.
Ата дәстүрді қатаң ұстанатын Қарақат бұл жолы перзентінің тұсауын Димаш Құдайбергеннің анасы Света Айтбаеваға кестірді.
"Әдетте тұсауды ала жіппен кесуші едік, осы жолы көне дәстүрді жаңғыртып. Көгеріп көктесін деп көк шөппен, тоқшылықта болсын деп тоқ ішекпен, ешкімнің ала жібін аттамасын деп ала жіппен аяулы ана, жақсы жандарға кестірдік. @sveta_aitbaeva73, @nurash_777, @queen_assem жақсы қасиеттеріңіз қызыма жұғысты болсын жандарым", – деді ол.
"Жолап кетсе, жүктілікті жұқтыратын қасиетім баршылық": Қарақат Тамара Асар жайлы
Қарақат той видеосын Instagram-дағы парақшасында жариялады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр