Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан прокуратурасы Қарақалпақстандағы толқулар кезінде қаза тапқандардың санын айтты

Өзбекстан прокуратурасы Қарақалпақстанда болған тәртіпсіздіктер кезінде қаза тапқан мен жараланған адамдардың санын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.

каракалпак митинг 2022

Өзбекстан прокуратурасының мәліметінше, Қарақалпақстандағы халық толқуы кезінде 18 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алған.

Ал Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі 243 адам жарақат алғанын, оның ішінде 38 құқық қорғау органдарының қызметкерлері барын айтқан.

Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің басшысы Даврон Жұманазаровтың мәліметінше, 1 және 2 шілдеде Нүкүсте болған шерулер кезінде 516 адам ұсталған. Ал 110 азамат 3 шілдеден 4 шілдеге қараған түні коменданттық сағат кезінде көшеде қолға түскен.

Бұған дейін Қарақалпақcтан автономиясының Денсаулық сақтау министрлігі Нүкіс қаласындағы наразылық акциясынан кейін мыңдаған адамның ауруханаға түскенін мәлімдеген еді.



Сонымен қатар Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің баспасөз қызметі жексенбі күні Қарақалпақстан (Өзбекстанның солтүстік-батысы) парламентінің депутаттарымен және республика белсенділерімен кездесуінде бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында құрбан болғандар бар екенін айтқан. Алайда нақты санын айтпаған.

Еске салсақ, 1 шілдеде жергілікті билік Қарақалпақстандағы жағдай тұрақтанғанын хабарлады.

Наразылық шерулері 1 шілдеде үкімет референдумда аймақтың егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айыратын жаңа конституция жобасын ұсынғаннан кейін басталды.

Кейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанды автономиядан айыру жөніндегі бастапқы жоспарларынан бас тартты.

Талқылау