AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан Қазақстанмен шекаралас Қарақалпақстандағы өткізу пунктін жапты

Өзбекстан Қазақстанмен шекарадағы Қарақалпақстандағы өткізу пунктін жапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өзбекстандық әріптестерден алынған ақпаратқа сәйкес, 1 шілдеден бастап ақпараттық жүйенің істен шығуына байланысты Өзбекстан және Қазақстан арасындағы "Даут-ата" - "Тәжен" (көлік) өткізу пунктінде адамдардың, көлік құралдарының және жүктердің өтуі уақытша тоқтатылды. 

"Қарақалпақ" – "Бейнеу" бағыты бойынша теміржол қатынасын тоқтату жоспарлануда. Осыған байланысты мемлекеттік шекараны аталған өткізу пункттері арқылы өтетін азаматтар бағыттарын алдын ала жоспарлауын сұраймыз", – деп хабарлады ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.


Өзбекстандағы наразылықтар: Қарақалпақтар егемендіктен айыру туралы шешімге қарсы шықты 


Шекарада бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысын қалпына келгенде хабарлауға уәде берді.

Еске салсақ, Қарақалпақстанда бұған дейін ресми Ташкенттің Конституцияға өзгертулер енгізу арқылы автономия құқығынан тәуелсіздігін жариялау құқығын алып тастау ұсынысына байланысты жаппай наразылықтар басталған болатын.

Өзбекстанның ресми билігі шерушілерді қылмыскер деп, олардың әрекетін заңсыз деп жариялады.

Қарақалпақстаннан ақпарат өте аз келеді, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, аймақта байланыспен проблемалар бар. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр