AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстандағы наразылықтар: Қарақалпақтар егемендіктен айыру туралы шешімге қарсы шықты

Өзбекстанда Қарақалпақтар егемендіктен айыру туралы шешімге қарсы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қарақалпақ Республикасы Өзбекстанның құрамына кіреді. Ел Конституциясына енгізілген жаңа түзетулерге сәйкес, Қарақалпақстан қазіргі таңда бекітілген егемендігі мен Өзбекстаннан бөлініп шығу құқығынан айырылуы мүмкін.

Тиісті түзетулерді мемлекеттің негізгі заңының 70-75-баптарына енгізу ұсынылып отыр.

Белгілі болғандай, бұған дейін бірқатар қалалар мен ауылдарда қарақалпақтар өзгерістерге келіспейтіндіктерін білдірген видеохабарламалар түсірген. Бұған қоса, билік бірнеше оппозиция белсенділерін, журналистер мен блогерлерді қамауға алды. Алайда наразылық нәтижесінде олардың біразы босатылды.

Оппозиция жетекшісі, адвокат Даулетмурат Тажимуратов 5 шілдеде бейбіт шеру өткізуге билікпен келіскенін бүгін мәлімдеді. Бірнеше сағат бұрын азаматтық киім киген адамдар оны отбасымен бірге, белгісіз бағытқа алып кеткен. Халық Даулетмурат Тажимуратовтың тез арада босатылуын талап етіп, өздігінен көшеге шыға бастады.

1990 жылы Қарақалпақстанның Егемендігі туралы Декларация қабылданды. 1993 жылдың басында мемлекетаралық келісімге қол қойылды, оған сәйкес Қарақалпақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының құрамына кірді. Автономия аумағы ел аумағының үштен бірінен астамын құрайды, бірақ мұнда екі миллионнан аз адам тұрады. Қарақалпақстан пайдалы қазбаларға бай.

Бір аптадан бері Қарақалпақстанда интернет те дұрыс жұмыс жасамаған.

Қарақалпақстан тұрғындары сепаратизм туралы айыптауларды жоққа шығарады. Наразылық акциясына Өзбекстаннан бөлінуге ұмтылу емес, биліктің конституциялық құқықтарды өрескел бұзып, аймақтың ерекше мәртебесін жою әрекеті себеп болған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр