Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Өзбекстан президенті Нүкістегі оқиғаны елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін жасалған әрекет деп атады

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қарақалпақстан астанасы Нүкістегі жағдайға қатысты пікір білдіріп, мұны елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін жасалған әрекет деп бағалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шавкат

"2022 жылдың 1 шілдесінде Нүкіс қаласында бір топ адам жалған ұрандар арқылы азаматтардың сеніміне ие болып, оларды адастырды. Биліктің талаптарына бағынбады, хаос тудырды және жергілікті мемлекеттік органдардың ғимараттарын басып алуға тырысты. Бұл туралы бұған дейін де айтылды.

2 шілдеде олар қоғамдық тәртіпті бұзуға бағытталған акцияларды тоқтату туралы талаптарды елемей, республиканың әкімшілік орталығының орталық көшелерінде деструктивті әрекеттерді жалғастырды", – деді ол.

Сонымен қатар, тәртіпсіздіктерге қатысқан кейбір адам тәртіп сақшыларымен қақтығыс тудыруға тырысқанын, күзетілетін аумақтарға күшпен басып кіріп, ғимараттарға тастар мен түрлі заттар лақтырғанын айтты.

"Шеру кезінде олар инфрақұрылым нысандарына айтарлықтай зиян келтірді. Олар дүкен терезелерін шағып, өрт қойды. Бірнеше топ қару алу мақсатында Нүкіс қалалық ішкі істер басқармасы мен Ұлттық ұлан басқармасының ғимараттарын басып алуға тырысты. Сандық артықшылығын пайдалана отырып, бұл адамдар құқық қорғау органдарына шабуыл жасап, оларды аяусыз ұрып, денелеріне ауыр жарақат салды.

Өкінішке қарай, бейбіт тұрғындар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында зардап шеккендер бар", – деді ол.

Өзбекстан президентінің сөзінше, демократиялық қағидаттар мен құқықтық нормалар негізінде азаматтардың өз пікірі мен ерік-жігерін еркін білдіруі үшін жасалған жағдайларға қарамастан, кейбір күштер Конституциялық реформаларға наразылық білдіру сылтауымен агрессия мен зорлық-зомбылық жолын таңдап, Өзбекстандағы жағдайды тұрақсыздандыруға және шайқауға тырысқан.

Сондай-ақ, ол конституциялық реформалар елдің одан әрі әлеуметтік-саяси және экономикалық дамуына, азаматтардың құқықтары мен бостандығын нығайтуға, "адами қадір-қасиеті үшін" игі идеяларды іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталғанын айтты.

Талқылау