Қарағандыдағы колледж студенттерінің пышақтасқан сәті видеоға түсіп қалған
Әлеуметтік желіде Қарағандыдағы колледж студенттерінің арасындағы жанжал түсірілген бейнежазба тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото бейнежазбадан алынған
Бейнежазбада колледж студенттерінің бірінің қарсыласын пышақпен қуып жетіп, жарақаттағаны түсіріліген. Жарақат алған ер адам ауруханаға жеткізілді.
Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады. Полицияның мәліметінше, кенеттен туындаған жанжал кезінде 17 жастағы студент 19 жастағы қарсыласын пышақтап кеткен.
"17 жастағы күдікті ұсталып, жәбірленуші медициналық мекемеге жеткізілді. Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", – делінген полиция департаментінің хабарламасында.
Баланы ерте жастан мектепке беру оның болашағына инвестиция ма, әлде балалықты ұрлау ма?
Психолог ең алдымен баланың физикалық дайындығын ескеру қажет екенін жеткізді
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті