Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған күдікті ұсталды
Қаржы мониторинг агенттігі Қарағандыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азаматты қолға түсірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин
Күдікті "Покер" құмар ойынын өткізу үшін жергілікті мейрамханада үй-жайды жалға алып, арнайы ойын үстелдерін орнатып, ойын фишкалары мен карталарын сатып алған. Тергеу барысында оның банк шотына 32 миллион теңгеден астам ақша түскені анықталды.
Сот үкімімен күдікті кінәлі деп танылып, оған шартты түрде 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
“Қаржы мониторинг агенттігі азаматтарды құмар ойындарға – лудоманияға патологиялық тәуелділіктен қорғау мақсатында заңсыз ойын нүктелерін анықтау және бұғаттау жөніндегі жұмысты жалғастырады”, – делінген хабарламада.
Бұған дейін Тоқаев лудоманиямен күрес туралы заңға қол қойған еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”