Қарағандыда мысықты тоғызыншы қабаттан лақтырған балалардың ата-анасы жазаланды
Қарағандыда жоғарғы қабаттан мысықты лақтырып жіберген балалардың ата-аналары 29 мың мың теңге айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Балалардың бұл әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған.
Айта кетсек, 10 және 11 жастағы балалар мысықты көрші үйдің подъезіне алып кірген. Олар үй жануарын біраз уақыт азаптап, кейін терезеден лақтырып жіберген. Куәгерлер мысықты мал дәрігеріне алып барған. Буаз мысық біраз дене жарақаттарын алған, бірақ аман қалыпты.
Тұрғындар балалардың бұл ісіне наразы болып, полицияға арыз жазған. Қазіргі таңда қатыгездікке барған жеткіншектер табылған. Олардың ата-аналарына қатысты "Ата-аналық міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылған: олар 29 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды