Қарағандыда екі бала тоғызыншы қабаттан мысықты лақтырып жіберген
Қарағандыда екі бала ойнап жүріп, мысықты жоғарғы қабаттан лақтырып жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Новый Вестник" басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 12 шілдеде Ержанов көшесінде орналасқан көп қабатты үйлердің бірінде болған.
"Екі ұл бала тоғызыншы қабаттан мысықты лақтырып, оның мәйітінің жанында біраз ойнап жүрді. Не деген сұмдық? Бұл балаларды табу керек. Бүгін мысықты жоғарғы қабаттан лақтырса, ертең баланы итеріп жібереді. Олардың бұл әрекеттерін дәлелдейтін видео да бар. Бұл балалардың ата-аналары жауапкершілікке тартылса екен", – деп жазады желі қолданушысы.
Кейіннен анықталғандай, мысық тірі қалған. Үй жануарын куәгер көріп, ветеринарлық емханаға алып барған. Мал дәрігерлерінің сөзіне сенсек, мысықтың жағдайы ауыр. Бұған қоса, жәбір көрген мысық буаз болған көрінеді.
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады
Мысықты қинап ауызына насыбай тыққан: Әлеуметтік желіде таралған бейнероликке полиция жауап берді
Тик-токта мысықтың ауызына насыбай тыққан бала халықтың ашуын туғызды