Қарағандыда көпқабатты үйдің кіреберісіне тастап кеткен сәбидің ата-анасы ұсталды
Полиция жаңа туған нәрестені далаға тастап кеткен күдіктілерді ұстады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Policia.kz
Олар – 22 жастағы әйел мен 29 жастағы ер адам.
"Қазір оқиғаның толық мән жайы анықталып жатыр", – деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ернат Қалиақпаров.
Полиция қызметкерлері күдіктілердің балаға кім болып келетінін айтқан жоқ.
Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда көпқабатты үйлердің бірінің дәлізінен нәресте табылған еді. Бала жылы көрпеге оранған күйі табылған. Полиция сәбиін тастап кеткен анаға іздеу салды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған