Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандылық әйелдің қазасы: Қауіпсіздік бойынша нұсқаушы қамауға алынды

Қарағандыда 33 жастағы әйел қайтыс болғаннан кейін арқанмен секіру бойынша нұсқаушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Полиция 33 жастағы Евгения Леонтьеваның өліміне алып келген қауіпсіздік ережесін өрескел бұзды деген күдікпен 32 жастағы арқанмен секіру бойынша нұсқаушыны ұстады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

"Тергеу жұмыстары  қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзған 32 жастағы аттракцион нұсқаушысын анықтады. Күдікті ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабына сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр", – деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің басшысы Ерлан Файзуллин.



Еске салайық, қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп мерт болған болатын. 25 метр биіктіктен  секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмған. Қайтыс болған әйелдің күйеуі мен үш баласы бар.

Талқылау