Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сүйіктісі мен достарының көзінше: Қарағандылық әйел аттракционнан секіремін деп көз жұмды (видео)

Қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Новый Вестник” басылымына сілтеме жасап. 

құлап өлді

Аттракцион "Созвездие" қонақүйінің төбесіне орнатылыпты. 25 метр биіктіктен  секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмыпты. 

"Науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Жүргізілген медициналық шараларға қарамастан, науқас көз жұмды", – деді Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.



Patriot Karagandy Telegram арнасының мәліметінше, секіру кезінде арқан белгісіз себептермен созылмай қалған. Нәтижесінде әйел сүйіктісінің және достарының көз алдында биіктіктен құлап өлді.

Бейнежазбадан сүйіктісіне сенімділік беру үшін марқұмның жігіті "Мен сені сүйемін" деп айқайлағанын естуге болады.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аттракционның иесі мен клиенттерге қауіпсіздік белбеуін бекітетін және нұсқаулар беретін қызметкерлер тергелуде. 

Талқылау