AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін: Қарағандыда мерт болған әйелдің өліміне қатысты полиция пікір білдірді

Қарағандыда 25 мерт биіктіктен роупджампингпен секірген әйелдің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қарағанды облысының полиция департаменті "Созвездие" қонақүйінің аумағында көз жұмған әйелдің өліміне пікір білдірді. 

Бұған дейін полиция қызметкерлері 32 жастағы әйелдің өліміне байланысты 306-бабы 1-бөлігі "қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтерді көрсету" бойынша қылмыстық іс қозғаған болатын.

Алайда жаңадан ашылған мән-жайларға байланысты қылмыстық іс ҚР ҚК 306-бабының 1-бөлігінен ҚР ҚК 306-бабының 3-бөлігіне қайта ауыстырылды. Аталмыш баптың үшінші бөлігіне сай "Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекеттер" бойынша айып тағылады. Айыпталушыға төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

"Тергеу жүргізілуде. Осы қылмыстық іс аясында полицейлер аттракционды ұйымдастырушының осы қызмет түріне лицензиясы бар-жоғын, қауіпсіздік ережелері сақталғанын анықтайды", – деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінен.

Еске сала кетсек, қарағандылық әйел биіктіктен роупджампингпен (жоғарыдан белге арқан байлап секіру – ред.) секіремін деп мерт болған болатын. 25 метр биіктіктен  секірген 33 жастағы әйел жерге құлап, ауыр жарақат алған. Жарақаттарының салдарынан ол ауруханада көз жұмған. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр