Қарағандыда батут аударылып қалды: Бір бала көз жұмып, тағы екеуі жарақаттанды (видео)
Бүгін, 25 мамырда, Қарағандыдағы орталық саябақта балалар ойнап жүрген батут желдің салдарынан аударылып қалды. Желіде оқиға кезінде түсірілген видео тарады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Видео кадрларынан оқиға орнында бірнеше жедел жәрдем көлігі кезекшілікте тұрғаны байқалады. Сонымен қатар адамдардың айқайлап жатқаны естіледі.
Саябақта адамдар көп болған. Роликтің жазбасында зардап шеккендердің көп екені хабарланған.
Zakon.kz порталының мәліметінше, облыстық полиция департаменті оқиғаны растаған. Салдарынан 11 жастағы бала оқиға орнында көз жұмыпты. Сондай-ақ, тағы екі бала түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 306-бабына (Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, салдарынан адам өліміне алып келген қызмет көрсету) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Айта кетсек, бұған дейін Маңғыстау облысында да батутты жел ұшырып әкеткенін хабарлаған едік.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді