Адамдар да ұшып кете жаздады: Маңғыстау облысында үлкен батутты жел ұшырып әкетті (видео)
Маңғыстау облысында балаларға арналған батутты жел ұшырып әкетті. Оқиғаны видеосы желіде пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, оқиға 24 мамырда орын алған.
Видео кадрларынан үлкен үрлемелі батутты жел ұшырып әкеткені байқалады. Оны ұстап қалмақ болған адамдар да ұшып кете жаздады.
Tengrinews.kz порталының мәліметінше, оқиға Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласындағы орталық саябақта батутты орнатып жатқан кезде орын алыпты. Абырой болғанда, оқиға кезінде батутта балалар болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
Ал аттракционның иесімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған