Қарағанды тұрғыны сенбілікте баласы қолын кесіп алғаны үшін көршісін ұрып тастаған
Қарағандады тұрғын үй ауласында болған сенбілікте екі көрші бір-біріне жұдырық ала жүгірген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеп.
Суретте жапа шеккен Олег Гарницкий
Олег Гарницкий есімді Қарағанды тұрғыны көршілерімен сенбілік ұйымдастырған. Ауланы тазалау кезінде кішкентай бала байқаусызда қолын кесіп алған. Ашуға булыққан баланың әкесі сенбілікке ұйытқы болған Олег Гарницкийдің жағынан алып, көк-ала қойдай сабап тастаған.
Оқиға куәгері Анна Кириллованың айтуынша, жақын маңда тұрған қызыл көліктен еңгезердей еркек шығып, Олег Гарницкий сұлатып түсірген. Қорғансыз жатқан көршісін тепкілеп, қайтадан көлігіне отырған.
Ол соққыдан асфальтақа шүйдесімен құлап, ауыр жарақат алған. Қазір белсенді ауыр жағдайда ауруханада жатыр.
"Сенбілікке немереммен шықтым. Шетте тұрғанымда қатты соққының дауысын естідім. Жақындап келсем жерде Олег Гарницкий жатыр. Оны бір иығына жатқызып, демалуына көмектестім. Ешкім көмектескен жоқ. Айналада адам көп болғанымен ешкім ештеңе болмағандай жайбарақ жүр", - дейді тұрғын Сәрсембай Сақтағанов.
Жергілікті полиция өкілі күдіктінің ұсталып, үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 107 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.