Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында жігітмен жалдамалы пәтерге кездесуге барған қыз белгісіз жағдайда қайтыс болды

Қарағанды облысы Саран қаласында жігітімен жалдамалы пәтерде кездесуге келген қыз белгісіз қайтыс болды. Деректерге сай қыздың өлімін полицейлерге жігіті хабарлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Патриот” telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

мәйіт

Полицияны жігіттің өзі оқиға орнына шақырған. Ол жолдасының себепсіз қайтыс болғанын жеткізген. Келген тәртіп сақшылары төсектен зорлық-зомбылық белгілері жоқ мәйітті тапты. Оның ленесінде ешқандай сынық, жарақаттар болмаған. Жігіт олардың арасында кикілжің мен жанжалдың да болмағанын айтады.

Полиция сараптама жасалатынын алға тартты.

“Бұл факт тіркелді. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеу барысы Қарағанды ​​облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында", - деп хабарлады Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі

Басылым облыс прокуратурасындағы дереккөздерге сілтеме жасап, қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы "Абайсызда адам өліміне әкеп соқтыру" бойынша тергеліп жатқанын да хабарлады. Марқұм қыздың жігіті куәгер мәртебесіне ие.

Одан бөлек, марқұмның артынан кішкентай қызы қалды. 

Талқылау