Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды ​​облысында тас жолда бірден жеті көлік соқтығысты

Қарағанды ​​облысындағы тас жолда бірден жеті көлік соқтығысты. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Караганды дтп

Ішкі істер министрлігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болған.

Зардап шеккендер жоқ екені айтылады.



“Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан”, – дейді Қарағанды облысы полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.

Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауларын сұрайды.

Талқылау