Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"2,5 келісін интернет арқылы сатпақ болған": Алматыда есірткі таратқан 20 жастағы курьер ұсталды

есірткі таратқан 20 жастағы жігіт ұсталды
Фото: Polisia.kz

Алматыда интернет арқылы есірткі таратқан 20 жастағы курьер ұсталды. Оған күдіктіге 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қаупі төніп тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Полицияның мәліметінше, 20 жастағы жасырын жеткізуші жұмыс істеген. Жедел-іздестіру шарасы Алатау ауданында жүргізілген.

“Жеке тінту барысында наркокурьерден 127 орам мефедрон және таратуға дайындалған 2 мың “экстази” таблеткасы, сондай-ақ тұрғылықты жерінен шамамен 1 келі синтетикалық есірткі тәркіленді. Жалпы салмағы 2,5 келі, бұл тұтынушыға жетпеген 6 мың бір реттік дозаға тең. Төлем криптовалюта арқылы алынған”, – делінген хабарламада.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір тергеп-тексеру басталды. Оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Stan.kz
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 09:46