Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақ тілін білу деңгейін, ақшасы барын дәлелдеуі керек": Қазақстанда мигранттарға қойылатын талап күшейтілді

миграция
Фото: depositphotos.com

Қазақстан шетелдіктерге тұрақты тұруға рұқсат беру және қандас мәртебесін беру ережелерін өзгертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақ тілін білу тестілеу сертификатын алудың шекті деңгейі әр бөлім үшін 70%-ға дейін көтерілді. Ол бұрын 30% болған. Егер шетелдік азамат тесттің бір немесе екі бөлімінде шекті деңгейден төмен (70%-дан төмен) балл алса, олар 30 күн ішінде тестті екі рет қайта тапсыра алады.

Иммиграциялық әлеуетті критерийлік бағалаудың ең төменгі өту балы 600 баллға дейін көтерілді, ол бұрын 400 балл болған. Бұл бағалау басқа факторлармен қатар білім деңгейін, жұмыс тәжірибесін және қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуін ескереді.

Төлем қабілеттілігі, яғни кемінде 1320 АЕК (5,7 миллион теңге) бары жыл сайын расталуы керек. Бұрын растау тек бір рет – өтінішті қарау кезінде қажет болатын.

Адамның мәртебесін немесе бұрын берілген тұрақты тұруға рұқсатты қайтарып алу себептері кеңейтілді. Енді заңды бұзса, тұру рұқсаты тартып алынады. Мысалы үштен астам жол қозғалысы ережелерін бұзғаны немесе екіден астам әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін қайтарып алынуы мүмкін.

Өзгерістер 10 сәуірде еңбек министрлігінің, ішкі істер министрлігінің және цифрлық даму, коммуникациялар және ақпарат министрлігінің бұйрығымен бекітілді.

Еске салсақ, Балаева мигранттарға тексеріс күшейтілетінін мәлімдеген еді.

Қырмызы Скендирова
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 09:02